08 ақпан 2024 10:33

Алматыдағы төтенше жағдай: төрт адам іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Святослав Антонов © Фото Tengrinews.kz/Святослав Антонов ©

Алматыда лай көшкіні түскен аумақтағы куәгердің айтуынша, төтенше жағдай түнде, бәрі ұйықтап жатқан уақытта болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда лай көшкіні түскен аумақтағы куәгердің айтуынша, төтенше жағдай түнде, бәрі ұйықтап жатқан уақытта болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз қатты дыбыс естідік. Түнгі сағат 1:50 оянып, жер сілкінісі деп ойлап, сыртқа шығуға ұмтылдық, шықсақ... Дұрыстап қарау үшін жақындадық, тағы бір нәрсе құлады, сосын қайтадан артқа қарай қаштық", - деді жергілікті тұрғын.

Кейінірек лай көшкіні түскен үйдің бірінде адамдар болуы мүмкін екені белгілі болды.

"Үйде адамдар болды. Себебі көлік тұр, осында жұмыс істейтін ағай олардың үйде екенін айтты. Күйеуі, әйелі және екі баласы", - деп қосты ол.

Оқиға орнынан сурет. ©Святослав Антонов

Алматы ТЖД баспасөз хатшысы Гүлдана Нұрымбетованың айтуынша, жақын маңдағы үйлерден 13 адам эвакуацияланған. Олардың барлығы № 47 мектепте орналастырылып, кейінірек туыстарының үйіне жіберілді.

Жергілікті жерде 109 қызметінің құтқарушылары, Республикалық жедел-құтқару жасағы және қаланың басқа да шұғыл қызметтері жұмыс істейді.

"Полиция қызметкерлері қоршау ұйымдастырды. Қызметкерлер оқиға орнына келгеннен кейін жалпы массасы 3 мың текше метрден асатын лай көшкіні болғанын анықтады. Қазір апат-құтқару жұмыстары қолмен жүргізіліп жатыр. Өйткені үйлердің бірінде төрт адам болуы мүмкін деген ақпарат түсті. Осы хабардан кейін қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізіліп жатыр. Жұмыс күрделенгенін айта кеткен жөн", - дейді ведомство өкілі.

Құтқарушылар үйінділердің астынан 4 адамнан тұратын отбасын іздеп жатыр. ©Святослав Антонов

Гүлдана Нұрымбетова мәліметінше, жұмыс жергілікті ландшафтпен күрделене түскен.

"Бұл үйлер таулардың баурайында орналасқан. Осыған байланысты барлық техниканы айдау қиын. Қазір ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс полкінің әскери бөлімінің қызметкерлері келді, арнайы дайындалған құтқарушылар, кинологиялық есептер жұмыс істейді. Қазіргі уақытта басқа үйлер үшін ықтимал қауіп жоқ", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети