06 наурыз 2023 11:33

Армения мен Әзербайжан шекарасындағы қақтығыста 5 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таулы Қарабақта Әзербайжан мен Армения әскерилері арасында болған атыста бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.


Таулы Қарабақта Әзербайжан мен Армения әскерилері арасында болған атыста бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.

Армения ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жексенбіде этникалық армяндар тұратын сепаратистік Таулы Қарабақ аймағының полициясы мен әзербайжандық жауынгерлер арасында атыс болып, кем дегенде үш адам мерт болған.

Оқиғаға байланысты екі тарап әртүрлі мәлімдемелер жасады. Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, қарулы қақтығыс әскерилер Армениядан Таулы Қарабақ астанасы Степанакертке апаратын қосалқы жолда қару тасымалдады деген күдікпен көліктерді тексеруге кіріскенде басталған.

Армения Ішкі істер министрлігі болса, бұл атысты "тұтқиылдан жасалған шабуыл" деп сипаттап, аймақтың төлқұжат бөлімшесінің үш офицері қаза тапқанын хабарлады. Және де Армения жағы ол адамдар мінген колоннада қызметтік тапанша мен құжаттар ғана болғанын айтып, "Бакудың қару-жарақ тасымалдады" деген мәлімдемесін "абсурд" деп атады.

Әзербайжан да өз күштерінің адам "жоғалғалтқанын" растап, 2 сарбазының құрбан болғанын жария етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети