18 қазан 2021 09:12

Аустралияда ұзаққа созылған карантин жеңілдеді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Reuters @Reuters

Аустралияның Мельбурн қаласында келесі аптадан бастап 260 күннен астам уақытқа созылған карантин жеңілдейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Аустралияның Мельбурн қаласында келесі аптадан бастап 260 күннен астам уақытқа созылған карантин жеңілдейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Виктория штатының премьер-министрі күшейтілген шектеулер 22 қазаннан бастап алынатынын, бұл шешім 16 жастан асқан халқтың 70 пайызы вакциналанғанына байланысты қабылданғанын мәлімдеді.

Мельбурнде коменданттық сағат, үйден шығуға шектеулер алып тасталады. Вакцинацияланған адамдарға мекемелерде жиналуға, туыстарына баруға рұқсат етіледі, ал мектеп оқушылары мектепке оралады.

Алайда Мельбурн тұрғындары шаралар жеңілдегеніне қарамастан, басқа аудандарға бара алмайды. Билік штат тұрғындарының 80 пайызы екпе алғаннан кейін алып тастауды жоспарлап отырған бірқатар шектеу де күшінде қалады.

2020 жылдың наурызынан бастап коронавирус пандемиясына байланысты елде әлемдегі ең қатаң карантин ережелері сақталды, ал Мельбурн әлемдегі ең ұзақ карантин шараларын қолданған мемлекет ретінде рекорд жаңартты.

Бұған дейін Сиднейде 107 күнге созылған карантин аяқталған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети