06 мамыр 2023 09:07

Балабақша меңгерушісінің 15 жастағы ұлы тәрбиеленушілерді азғырған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Nuz.uz Фото: Nuz.uz

Ташкенттегі балабақша Бас прокуратураның назарына іліккен. Меңгерушінің 15 жастағы ұлы 6 жастағы қыздарға тиісіп, шешінуге мәжбүрлегені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Nuz.uz сайтына сілтеме жасап.


Ташкенттегі балабақша Бас прокуратураның назарына іліккен. Меңгерушінің 15 жастағы ұлы 6 жастағы қыздарға тиісіп, шешінуге мәжбүрлегені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Nuz.uz сайтына сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, жоғары сынып оқушысы балабақшаға күн сайын келіп, дайындық тобындағы балалармен оңаша қалатын болған. Қорқытып-үркітіп, төрт қызды шешінуге мәжбүрлеген, біреуі шетелдіктің қызы болған. Жасөспірім қыздарға қолын жүгірткен, содан кейін біреуі айғалап жібергенде ол қорқып кетіп қалады.

Балалар кешке барлығын ата-анасына айтып, олар құқық қорғау органдарына арыз жазып, оқиғаны журналистерге жеткізген. Қыздардың ата-анасы балалар жатқан бөлмеде камера орнатылмағанын, тергеу күні кіреберістегі камера кенет істемей қалғанын айтады.

Бас прокуратура оқиғаны өз бақылауына алғанын хабарлады. Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 119-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған.

Мектепке дейінгі және мектептегі білім беру министрлігі №230 балабақша меңгерушісі "қызметіне жауапсыз қарап, балалардың өміріне қауіп төндіргені үшін" қызметінен босатылғанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети