03 желтоқсан 2020 16:01

Байден АҚШ-та коронавирус жағдайы күрт нашарлауы мүмкін екенін болжады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

АҚШ президенті сайлауында өзін жеңімпаз етіп жариялаған Джо Байден елде коронавирустан қайтыс болатындар саны артуы мүмкін екенін болжады. Оның айтуынша, 2021 жылғы қаңтарда елде тағы 250 мың адам көз жұмуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

"Мен ешкімді қорқытқым келмейді, бірақ сіздер мән-жайды түсініңіздер: қазіргі күн мен қаңтар аралығында біз тағы 250 мың адамнан айырылып қалуымыз мүмкін", - деді саясаткер шағын кәсіпорындардың қызметкерлері мен иелері қатысқан онлайн-конференцияда. 

Дегенмен Байден мұндай болжам неге негізделіп айтылғанын атамады.

Пандемия басынан бері АҚШ-та 13,7 миллион аса адам коронавирус жұқтырды. 270 мыңға жуық науқас қайтыс болды.

Айта кетейік, Вашингтон атындағы университеттің сарапшылары карантин жеңілдетілсе АҚШ-та 2021 жылғы қаңтардың соңына дейін 502 мыңға жуық науқас, ал карантин күшейтілсе, 367 мың адам көз жұмуы мүмкін екенін есептеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети