07 тамыз 2017 08:31

Дубайда тағы бір ғимараттан өрт шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости/Владимир Вяткин © РИА Новости/Владимир Вяткин

Дубайда Tiger Tower ғимаратында өрт шықты, осындай оқиға бір аптада екінші рет қайталанып отыр, - деп хабарлайды Khaleej Times басылымы.


Дубайда Tiger Tower ғимаратында өрт шықты, осындай оқиға бір аптада екінші рет қайталанып отыр, - деп хабарлайды Khaleej Times басылымы.

Жедел әрекет ету қызметтері өртті бірнеше минуттың ішінде сөндірді. Көпқабатты ғимараттың тұрғындары өрт сөндіру кезінде қауіпсіз жерге көшірілді. Газет тілшілерінің мәліметінше, соңғы қабатта орналасқан пәтерлердің бірінде балкон өртенген. Өрттің неден шыққаны әзірше белгісіз. 

  

Әлемдегі ең биік ғимараттардың бірі - Дубайдағы 79 қабатты Torch ғимаратында өрт шыққан еді. Полицияның мәліметінше, өрт 9-қабатта басталып, жоғарғы қабаттарға дейін жеткен. Куәгерлер жолдаған видеожазбадан ғимараттың төбесі өртеніп жатқаны көрінеді. Айта кетейік, бұл ғимаратта осыған дейін де - 2015 жылы өрт шыққан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети