25 сәуір 2022 11:44

ЕО ресейлік мұнай мен газ импортына эмбарго бойынша келісімге келе алмады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер ресейлік мұнай мен газ импортына толық эмбарго (тыйым салу) немесе айыппұл тарифтерін енгізуді қолдамайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер ресейлік мұнай мен газ импортына толық эмбарго (тыйым салу) немесе айыппұл тарифтерін енгізуді қолдамайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Еуропалық Одақтың Сыртқы саясат департаменті басшысы Жозеп Боррель мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта ЕО-да бұл мәселе бойынша бірыңғай ұстаным жоқ.

"Мұнай экспорты Кремльге шетел валютасының негізгі көзі саналады және ЕО-дағы көптеген ел Ресей Украинадағы қақтығысты қаржыландырып жатқандықтан, мұнай төлемдерін тоқтатуға шақырады", - деді Боррель Die Welt неміс газетіне.

Бұл ретте, Боррельдің айтуынша, Еуроодақтың кейбір елдері Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы раундына күш салып жатыр, ал Брюссель алдағы ықтимал шаралардың бір бөлігі ретінде мұнайға тыйым салу салдарын толық бағалауды әзірлеп жатыр. Еуростаттың статистикалық кеңсесі мәліметінше, Ресей Еуропадағы ең ірі мұнай жеткізуші саналады.

Сыртқы саясат ведомствосы басшысы бұл тақырып мамырдың аяғында өтетін Еуроодақтың келесі саммитінде талқыланатынын және бұл мәселе бойынша ешқандай шешім күтпейтінін айтты.

"Мұнай мен газ эмбаргосының түпкілікті ұсынысы әлі қарастырылып жатқан жоқ. ЕО-ның барлық елі ресейлік мұнай мен газға тәуелділікті азайту үшін жұмыс жасап жатыр. Бұл блок ақыр аяғында өзінің тәуелділігін азайта алады, содан кейін Ресей мұнай мен газдан түсетін кіріс жоғалып жатқанын сезеді", - деді ол.

Бұған дейін Боррель Еуроодақ ресейлік энергетикалық ресурстарды импорттаудан бас тартпайтынын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети