13 желтоқсан 2022 10:46

Еуроодақ Иранға қарсы жаңа санкциялар салады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуроодақ елдегі адам құқықтарының өрескел бұзылуына байланысты Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.


Еуроодақ елдегі адам құқықтарының өрескел бұзылуына байланысты Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

Еуроодақтың 27 елінің сыртқы істер министрлері бірауыздан Ирандағы заң бұзушылықтарға жауапты тұлғалар мен ұйымдарға қатысты жазалау шараларын қолдану туралы шешім қабылдады.

Еуроодақ Иранның адам құқықтарын бұзғаннан бөлек, Ресейдің Украинадағы соғысын қолдағаны үшін де санкция салмақ. Тегеранның Ресейге ұшқышсыз ұшақтар жеткізуіне жауап ретінде сегіз ұшқышсыз ұшақ өндіруші мен әуе күштерінің қолбасшысын қара тізімге де енгізді.

Еуропалық Одаққа кіруге тыйым салу және активтерді бұғаттау Иранның жоғары лауазымды қауіпсіздік шенеуніктеріне әсер етті. Иран Ислам Республикасы Теле-радиокомпаниясы (IRIB), оның директоры және жаңалықтар жүргізушісі тұтқындардың мойындауларын таратқаны үшін жаңа санкцияларға ұшырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети