07 наурыз 2014 15:48

Грузияның премьер-министрі Саакашвилидің ақыл-кеңесін елемеуге шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грузияның Премьер-министрі Ираклий Гарибашвили Украинаның жаңа билігіне Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің айтқандарына құлақ аспауға, тіпті оның қызметінен бас тартуға кеңес берді, деп жазады "Новости мира" сайты. Грузия министрлер кабинетінің басшысы Украинаның бүгінгі билігінің Саакашвилимен қарым-қатынас орнатқанына қатты таңданды. "Маған оны онда кеңесші қылып алғандығын айтты, Онымен қоса, мен Украинаның мемлекеттік қауіпсіздік министрі Саакашвилиден кеңес сұрап отырғанын кадрдан көрдім. Менің ойымша, бұл үлкен қателік. Өйткені Саакашвили 2008 жылғы соғыс туралы ескерте алған жоқ, нәтижесінде біз неге жеттік, не алдық? Ондай жанкешті, авантюрист адамнан кеңес алу - айқын қателік", - дейді Грузия Премьер-министрі. Грузия Үкімет басшысының айтуынша, қазір экс-президент Украинада бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде істеген өзінің ағасымен бірге жүр. Еске сала кетейік, Михаил Саакашвили 2013 жылғы президент сайлауынан кейін Грузияны тастап кеткен. Оны америкалық Тафста университетіне дәріс беруге шақырғаны хабарланған. Алайда өткен жылдың желтоқсан айында ол Украина оппозиционерлерін қолдау үшін АҚШ-тан Киевке келген. Грузия Премьер-министрінің айтуынша, Саакашвили Киевке өзімен бірге ағасын ғана емес, жақтастары - Гию Барамидзе, Дату Ахалая және Зураба Адеишвили секілді кезінде өзі ел басқарған уақытында министр лауызымын атқарған қолдаушыларын да ерте келген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети