07 қараша 2021 09:51

Ирактың премьеріне қастандық жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

7 қарашада, жексенбіге қараған түні Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Казымиге қастандық жасалды. Ел үкіметі басшысының резиденциясына ұшқышсыз басқарылатын құралмен соққы жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW және басқа дереккөздерге сілтеме жасап.

Ирактың қауіпсіздік органдарының мәліметінше, саясаткер жараланбаған. Ол Twitter-дегі парақшасында бәрі жақсы екенін хабарлап, Ирак тұрғындарын сабырға шақырды.

Сонымен бірге, Бағдадтағы Al Arabiya телеарнасының тілшісі Ирак премьер-министрі жарақат алғанын мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости жазды. Тілшінің айтуынша, әл-Касими ауруханаға жеткізілген, оның күзетшілері де жарақат алған.

Ирактың Shafaq агенттігі қауіпсіздік органдарындағы дереккөзге сілтеме жасай отырып, үш күзетші зардап шеккенін хабарлады. 

Ал Al Arabiya телеарнасы ұшқышсыз ұшатын аппарат ұсталғанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети