01 шілде 2023 14:11

Қытайдағы химиялық зауытта жойқын жарылыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Shanghai Daily/Twitter

Қытайдың Цзянси провинциясындағы химиялық зауытта жойқын жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі gazeta.ru басылымына сілтеме жасап.


Қытайдың Цзянси провинциясындағы химиялық зауытта жойқын жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі gazeta.ru басылымына сілтеме жасап.

Қытай орталық телеарнасы (CCTV) Цзянси провинциясында Jiangxi Qiantai New Material Co Ltd химиялық зауытында шыққан өрттен жарылыс болғаны туралы хабарлады. Өрттің шығуына майдың жануы себеп болған. Хабарлама жергілікті уақыт бойынша 10:30-да (Астана уақыты бойынша 9:30) түскен.

Оқиға орнында өртсөндірушілер жұмысын жалғастырып жатыр. Барлық қызметкер эвакуацияланғаны айтылды. Соңғы мәлімет бойынша, жарылыстан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети