24 шілде 2020 17:27

Малайзия тұрғындары желіге видео жүктеу үшін лицензия алуға міндеттеледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pressa.tj Фото: pressa.tj

Малайзияның коммуникация және мультимедиа министр Сайфуддин Абдулла әлеуметтік желі қолданушылары интернетке видео жүктеуі үшін лицензия алу керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Министрдің мәлімдемесі желі қолданушыларын аң-таң етті. Себебі, Сайфуддин Абдулла әлеуметтік желі пайда болғанға дейін қолданыста болған кино туралы заңнан үзінді келтірген. 

Министрдің сөзінен кейін желі қолданушылары интернетке фото және видеоларды жүктей бастады.

"Видеоны жіберіп, жауап күтіп отырмын. Растауы керек", - дейді желі қолданушыларының бірі.

"Лицензия үшін кезекте тұрғандар", - деді тағы бірі.

Кейін Малайзия үкіметі бұл жағдайға қатысты түсінік берді. Олар кино туралы заң өзгеретінін, бұл өзгеріс желі қолданушыларына қатысы болмайтынын атап өтті. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.44   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети