30 желтоқсан 2021 09:17

Париж тұрғындары енді көшеде маскамен жүруі керек

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: РИА Новости. Фото: РИА Новости.

Коронавирус инфекциясының күрт өсуіне байланысты 31 желтоқсаннан бастап Париж көшелерінде маска кию қайтадан міндетті болады, бұл туралы қала полициясы сәрсенбіде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"31 желтоқсаннан бастап Булон орманы мен Венсен қорығынан басқа Париждің қоғамдық орындарында бетперде кию міндетті болады", - делінген хабарламада.

Масканы жабық орындарда да, көшелерде де кию міндеттеледі.

Бұл міндеттеме жеке көлікпен жүретіндерді, велосипедшілерді және спортпен шұғылданатын адамдарды қоспағанда, 11 жастан асқан адамдарға қолданылады.

Бұзушылық үшін 135 еуро айыппұл салынады.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Оливье Веран Францияда сәрсенбіде 200 мыңнан астам адам жаңа COVID-19 жұқтырғанын айтты, бұл - рекорд. Ол сондай-ақ жақын арада Францияда омикрон штамы басым болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети