28 қыркүйек 2023 10:05

Ташкенттегі қоймада жарылыс болды: зардап шеккендер бар

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Ташкентте қоймада жарылыс болды. Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі өкілі оқиға кезінде зардап шеккендер бар екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі gazeta.ru-ға сілтеме жасап.


Ташкентте қоймада жарылыс болды. Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі өкілі оқиға кезінде зардап шеккендер бар екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі gazeta.ru-ға сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, сағат 2:43-те Сергелий ауданындағы қоймалардың бірінде қатты жарылыс салдарынан өрт шыққан. Оқиға салдарынан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген.

"Осы өрттің салдарынан зардап шеккендер республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығына және оның Ташкент облыстық филиалына жеткізілді", - деді Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.

Кейінірек қоймадағы жарылыстан кейінгі өрт оқшауланғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети