18 шілде 2014 19:03

Украинада апатқа ұшыраған Боингта "Қашаған" операторының бұрынғы жұмысшысы болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украинада апатқа ұшыраған Боингта "Қашаған" операторының және NCPOC компаниясының бұрынғы жұмысшысы болған. Мұндай ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне North Caspian Operating Company B.V. (NCOC) баспасөз қызметі айтып берді. 


Украинада апатқа ұшыраған Боингта "Қашаған" операторының және NCPOC компаниясының бұрынғы жұмысшысы болған. Мұндай ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне North Caspian Operating Company B.V. (NCOC) баспасөз қызметі айтып берді. 

Компанияның баспасөз қызметкері NCPOC жұмысшысы отбасымен бірге Атыраудан Малайзияға қайтап бара жатқандығын айтып берді. Ол Атыраудан Амстердамға ұшып, сол жақтан Куала-Лампурға ұшуы керек болған. Қолдағы бар ақпарат бойынша, малайзиялық азамат отанына өзге жобаға ауысқандықтан жолға шыққан. "NCPOC компаниясымен оның келісімшарты аяқталды. Бұл Shell компаниясының NCPOC-қа жіберліген жоба жетекшілерінің бірі еді", - деді компанияның баспасөз қызметі.

Бұған дейін  The Star порталының хабарлауынша, Украинада апатқа ұшыраған ұшақытың ішінде "Қашаған" операторының бұрынғы жұмысшысы Тамби Джии өзінің жұбайы Ариза Газали және 19, 17, 15, 13 жастағы бала-шағасымен болған. Ол Қазақстанда Shell компаниясында үш жыл жұмыс істеп, отатына қайтып бара жатқан. 

Айта кетейік, кеше, шілденің 17-сі күні Украинаның Донецк облысында Амстердамнан Куала-Лумпурға бағыт алған малайзиялық "Boeing-777" жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенконың Facebook-тегі парақшасындағы мәліметке қарағанда, ұшақ бортында болған 280 жолаушы мен экипаждың 15 мүшесі түгел қаза тапты. Геращенконың мәліметінше, жолаушылар ұшағын ресейлік "Бук" кешенінен атып түсірген.

Ажар Әшірова 

 


 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети