14 қыркүйек 2022 09:04

ҰҚШҰ кеңесі армян-әзербайжан қақтығысына қатысты шешім шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі кезектен тыс отырысында Армения-Әзербайжан шекарасындағы жағдайды талқылап, ұйымның бас хатшысы Станислав Засты шекараға жіберуді, сондай-ақ жағдайды талдау үшін жұмыс тобын құруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кезектен тыс отырыста екі ел арасындағы мәселені тез шешу жолдары қарастырылды. Сондай-ақ мемлекет басшыларына баяндама дайындау үшін ҰҚШҰ Бас хатшысының қақтығыс аймағына кетуі және хатшылық қызметкерлерінің арасынан жұмыс тобын құру мәселесі талқыланды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 13 қыркүйекте ҰҚШҰ елдерінің басшылары Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысында 12 қыркүйекте қызу қақтығыс басталған Әзербайжан-Армения шекарасындағы жағдайды талқылаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети