15 қыркүйек 2022 08:38

ҰҚШҰ миссиясының Арменияға қай күні баратыны белгілі болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Армения мен Әзірбайжан шекарасындағы жекелеген аудандардағы қалыптасқан жағдайды бағалау үшін ҰҚШҰ миссиясы жолға шығады. Бұл туралы ҰҚШҰ-дағылар 13 қыркүйекте өзара келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның мәлімдемесіне сілтеме жасап.

ҰҚШҰ Біріккен штабының басшысы, генерал-полковник Анатолий Сидоров бастаған миссия тобы 15 қыркүйекте Арменияға ұшады.

ҰҚШҰ миссиясының басшысы-Бас хатшы Станислав Зась келесі аптада Арменияға жұмыс сапармен баруды жоспарлап отыр.

Миссия құрамына ұйым хатшылығының қызметкерлері және ҰҚШҰ Біріккен штабының әскери қызметшілері болып табылатын ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері кірді.

13 қыркүйекте Армения ҰҚШҰ мен БҰҰ-дан ресми түрде көмек сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети