09 ақпан 2022 09:23

Зеленский Лукашенконың Украинаны қорқытқан мәлімдемесіне жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Украина президенті кеңсесі Фото: Украина президенті кеңсесі

Украина президенті Владимир Зеленский Беларусь президенті Александр Лукашенконың Ресеймен соғыс жағдайында Украинаға мұнай өнімдері мен электр энергиясын жеткізуді тоқтатамыз деп қорқытқан мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі LIGA.net порталына сілтеме жасап. 


Украина президенті Владимир Зеленский Беларусь президенті Александр Лукашенконың Ресеймен соғыс жағдайында Украинаға мұнай өнімдері мен электр энергиясын жеткізуді тоқтатамыз деп қорқытқан мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі LIGA.net порталына сілтеме жасап. 

Зеленскийдің айтуынша, елдер арасындағы сауда-саттық тоқтаса, Беларусь өзі зардап шегеді.

"Жақында, жолдастар... Беларусьтен келген бір адам Ресей тарапынан эскалация болса, Украинаға энергетика ресурстарын жеткізуді тоқтатамыз деп айтты. Бұған қалай жауап беруіміз керек?

Қалай жауап бергенімді айтайын. Мен Украина мен Беларусь арасындағы тауар алмасу статистикасын беруді өтіндім. Бізде алты миллиард доллар тауар айналымы бар. Оның 1,5 миллиардын Украина Беларуське, 4,5 миллиардын Беларусь Украинаға экспорттайды.

Яғни, елдер бір-бірімен сауда қатынасын шектесе, одан кім зардап шегеді? Бұл жағдайда қарапайым халық зардап шегеді. Тас дәуіріне оралуды қаласаңыз, оны жасауға болады. Беларусь бір нәрсеге тыйым салса, Украина да тыйым салады. Саясаткерлер шешім шығарады, бірақ, өкінішке қарай, адамдар зардап шегеді", - деді Зеленский.

6 ақпанда Лукашенко Мәскеу мен Киев арасындағы қақтығыс шиеленіссе, Беларусь Украинаға жанар-жағармай мен электр қуатын бермейтінін мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети