25 қыркүйек 2020 15:11

Алматыда күзет қызметі мүгедектерді Көк базарға кіргізбей қойған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скрин видео Скрин видео

Арбаға таңылған алматылықты күзет қызметі Көк базарға кіргізбей қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Арбаға таңылған алматылықты күзет қызметі Көк базарға кіргізбей қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға 24 қыркүйекте базардың кіреберісінде болған. Куәгер оқиғаны видеоға түсірген. Кейін видеоны Instagram желісіндегі @zhest_kz парақшасында жариялаған.

Ролик авторының айтуынша, оқиға орнында арбаға таңылған әйел мен мүгедек ер адам болған.

"Күзетші бұйрық бойынша адамдарды мүгедек арбасында базарға кіргізуге болмайтынын айтты. Ал әйел базардың шет жағынан колготки сатып алғысы келген. Біз оқиға орнына әкімшілікті шақыруды талап етіп, базарға мүгедектердің не себепті кіргізілуіне рұқсат берілмегін сұрадық. Алайда күзетші агрессив әрекет етіп, бізбен төбеле жаздады. Ал біз жай ғана әкімшілікті шақыруды талап еттік? Әділдікті қалай талап етуге болады? Мүгедек қандай себептерге байланысты базардан киім сатып ала алмайды?", - дейді куәгер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Сегодня 24 сентября в 15.30 на главном входе зеленого базара охранник не впускал пожелую женщину с пожилим супругом ,оба ИНВАЛИДЫ, женщина на инвалидной коляске у мужчины отсутствует рука. Всё видно на видео. Сказал, что по приказу нельзя запускать людей на инвалидных колясках,хотя женщине не нужно было ехать в центр базара, она хотела с края купить колготки! По нашим требованиям позвать администрацию для выяснения вопроса( по какой причине не пускают инвалидов) охраник среагировал агрессивно и чуть не полез в драку! Из за того что просто попросили позвать администрацию. Как тут добиваться правосудия? По каким причинам инвалид не может купить себе одежду на базаре????

Публикация от ZHEST_KZ| 21+??? (@zhest_kz)

Базар әкімшілігі әлеуметтік желідегі жазбаға бірден жауап берді. Базар басшылығы мүмкіндік шектеулі жандарға шектеу жасамайтынын атап өтті.

"Есігіміз барлық келушіге ашық. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға базарға баруды шектемейміз. Біз кез келген келушінің Жасыл базарда өзін жайлы сезінуін қалаймыз. Сондықтан болған жағдайға өкініш білдіреміз. Осындай оқиға қайталанбауы үшін шұғыл және қатаң шаралар қабылдаймыз. Егер сіз жағымсыз оқиғаға тап болсаңыз немесе базардың жұмысына қатысты ұсыныстар мен ескертулер болса, Көк базардың Instagram-дағы @kok ресми аккаунтына жаза аласыз", - дейді базар әкімшілігіндегілер.

Сондай-ақ, базардың атқарушы директоры Ерлан Қалиев болған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ол соңғы кездері базар аумағында мүгедектердің атын жамылған адамдар тарапынан алаяқтық деректері жиілеп кеткенін атап өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Уважаемые гости и посетители рынка! ⠀ От лица администрации Зелёного Базара и сотрудника охранной компании ещё раз приносим извинения за произошедшую 24 сентября ситуацию. ⠀ Сейчас мы просим вас помочь найти пострадавшую пару, чтобы лично принести извинения. ⠀ Хотим отметить, что по любым жалобам и предложениям по работе Зеленого Базара вы можете обратиться в личные сообщения @kok.bazar.almaty или напрямую к Администрации рынка. ⠀ Наш телефон: +7 727 273 29 60. ⠀ ——— ⠀ Құрметті қонақтар! ⠀ Көк базар әкімшілігі мен қауіпсіздік компаниясының қызметкері атынан 24 қыркүйекте болған жағдай үшін тағы бір рет кешірім сұраймыз. ⠀ Енді сізден зардап шеккен жұпты табуға көмектесуіңізді сұраймыз, олардан кешірім сұрау үшін. ⠀ Көк базардың жұмысы бойынша, кез келген шағымдар мен ұсыныстар бойынша @kok.bazar.almaty жеке хабарламаларына жүгінуге болатынын атап өткіміз келеді, немесе тікелей нарық әкімшілігіне. ⠀ Біздің телефон: +7 727 273 29 60. @zhest_kz @zakon.kz @kris_p_brothers_official @kaznews

Публикация от Зелёный базар Алматы (@kok.bazar.almaty)

"Көк базар әкімшілігі мен күзет қызметі компаниясының атынан 24 қыркүйекте болған жағдайға қатысты тағы кешірім сұраймыз. Сіздерден келеңсіз жағдай тап болған жұпты табуға көмектесулеріңізді сұраймыз. Олардан кешірім сұрағымыз келеді. Кез келген шағым мен ұсыныс үшін тікелей нарық әкімшілігіне жүгіне аласыз. Телефон: +7 727 273 29 60", - дейді Қалиев.

Сондай-ақ, базар әкімшілігі оқиғаның мән-жайы анықталғаннан кейін күзет қызметкері жұмыстан шығарылғанын жеткізді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети