11 қараша 2020 09:28

Алматыда метро вагонына жабысып алған блогер жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скрин видео

Алматыда метро вагонына жабысып алған блогер жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда метро вагонына жабысып алған блогер жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 жастағы жігіт әлеуметтік желіде танымал болу үшін трюк жасап, оны камераға түсірген.

Экстремалдың метро вагонына жабысып алған сәтінің видеосы көрсетілді

"Мұндай әрекет оның өмірі мен денсаулығына ғана емес, сонымен қатар, басқа да жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретінін ол білмейді деп ойламаймын. Ч. есімді азамат заңға сәйкес шаралар қабылдау үшін тәртіп сақшылары оны іздейтінін білген. Сондықтан ол жасырынған. Алайда кеше кешке (10 қараша - ескерту) ол ұсталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 560-бабы ("Темір жол көлігі құралдарын пайдалану ережелерін бұзу") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, Ч. есімді азаматқа қатысты түсіндіру жұмысы жүргізілді", - дейді метрополитендегі полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Тимур Өсекбаев.

"Салдарын ойламаппын" - метро вагонына жабысып алған блогер әрекетін түсіндірді

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда блогердің метро вагонына жабысып алғаны түсірілген видео тараған еді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети