25 қыркүйек 2020 07:16

Шымкентте 11 айлық сәби жол апатынан қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Шымкентте жеңіл көлік пен экскаватор соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.


Шымкентте жеңіл көлік пен экскаватор соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Жеңіл көлік жоғары жылдамдықпен экскаваторға барып соққан. 11 айлық сәби қайтыс болды. Кейін ауруханада ересек үш адамның біреуі көз жұмды. Бейнебақылау камераларының кадрында арнайы техниканың жүргізушісі жол ережесін сақтап бұрылып жатқаны көрінеді. Сол кезде оған жеңіл көлік "ұшып" келіп соғады. Куәгерлер зардап шеккендерді әрең алып шыққан. Тағы екі адамның өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр.

 "Әйелдің бауыры жарылғандықтан шұғыл ота жасалды. Қазір жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Үшінші науқастың жағдайы тұрақты", - деді облыстық клиникалық аурухананың хирургы Тимур Тұрғанбеков.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети