UFC басшысы Хабиб Нурмагомедовтың ұйымдағы тағдыры жайлы пікір білдірді

17 Қазан, 13:18
0
© Vesti.Ru
© Vesti.Ru

UFC ұйымының басшысы Дана Уайт ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедовтың Абсолют жекпе-жек чемпионатында өнер көрсетуін жалғастыра беретінін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Айта кетейік, 6 қазанда Лас-Вегаста Нурмагомедов МакГрегорды төртінші раундта жеңіп, жеңіл салмақтағы UFC  чемпиондық белбеуін сақтап қалды. Жеңіске жеткен Хабиб Нурмагомедов октагоннан секіріп өтіп, ирландиялықтың жақтастарының біріне шабуыл жасады, алаңға қайтып келгенінде тағы бір төбелес шықты. Қазіргі уақытта Невада штатының Атлетикалық комиссиясы осы дерекке қатысты тергеу жүргізіп жатыр. 

Кейінірек Нурмагомедовты осы қылығы үшін - гонорарынан айырып, дисквалификацияға ұшырауы мүмкін екені айтылды. UFC ұйымының басшысы ресейлік спортшыны чемпиондық белбеуінен айырмайтынын мәлімдеді. Алайда UFC Нурмагомедовтың командасындағы Зубайра Тухуговтың төбелеске қатысқаны үшін ұйымнан шығарылатыны хабарланды. Осыған жауап ретінде Нурмагомедов те ұйымнан кететінін жариялады. 

"Бізде барлығы да дұрыс. Хабибпен қарым-қатынасымыз дұрыс. Оның келесі қарсыласы кім болатынын әзірге білмеймін. Бұл туралы әлі сөйлеспедік, кейін осы мәселені шешеміз. Хабиб UFC-де қала береді. "Тухугов? Онымен не болатынын әзірге білмеймін", - дейді Уайт. 

Хабиб Конормен реванш өткізуден бас тартты - БАҚ

Получить короткую ссылку


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай