16 қазан 2018 22:19

Хабиб Конормен реванш өткізуден бас тартты - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор МакГрегормен 15 миллион долларға реванш өткізу ұсынысынан бас тартты, - деді "Спорт-Экспресс" басылымына ресейлік боксшының ағасы Алекс Нурмагомедов. 


Ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор МакГрегормен 15 миллион долларға реванш өткізу ұсынысынан бас тартты, - деді "Спорт-Экспресс" басылымына ресейлік боксшының ағасы Алекс Нурмагомедов. 

Айта кетейік, 6 қазанда Лас-Вегаста Нурмагомедов МакГрегорды төртінші раундта жеңіп, жеңіл салмақтағы UFC чемпиондық белбеуін сақтап қалды. Жеңіске жеткен Хабиб Нурмагомедов октагоннан секіріп өтіп, ирландиялықтың жақтастарының біріне шабуыл жасады, алаңға қайтып келгенінде тағы бір төбелес шықты. Қазіргі уақытта Невада штатының Атлетикалық комиссиясы осы дерекке қатысты тергеу жүргізіп жатыр. 

Нурмагомедов пен МакГрегор арасында реванш өтуі мүмкін бе деген сұраққа, ресейлік спортшының ағасы былай деп жауап берді: "Ол Хабибты қызықтырмайды. Ол қандай қаражат ұсынса да онымен жекпе-жекке шықпайды. Мен олардың реванш өткізу туралы ұсыныс тастап жүргенін білемін. Егер келісімін берсе, олар 15 миллион ұсынатындарын айтты. Алайда Хабиб "жоқ" деді. Конор кезекке тұрып, басқаларымен төбелессін. Ал Хабиб Фергюсонмен жекпе-жек өткізіп, спорттық карьерасын аяқтауды қалап жүр", - деді Алекс Нурмагомедов. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети