24 желтоқсан 2016 15:19

UFC президенті Конор МакГрегордың келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

UFC президенті Дана Уайт ирландиялық Конор МакГрегордың келесі қарсыласы ресейлік Хабиб Нурмагомедов болуы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Russian.rt басылымы.


UFC президенті Дана Уайт ирландиялық Конор МакГрегордың келесі қарсыласы ресейлік Хабиб Нурмагомедов болуы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Russian.rt басылымы.

"Қазір біз Ресейге көз тігіп отырмыз. Ресейде дарынды спортшылар көп. Онда бәріне танымал Хабиб Нурмагомедов те тұрады. Мүмкін Конордың келесі қарсыласы Хабиб болатын шығар", - деп келтіреді Sherdog басылымы UFC президенті Дана Уайттың сөзін.

Айта кетейік, ресейлік боксшы Хабиб Нурмагомедов мансап жолындағы 24 жекпе-жегінің біреуінде де жеңіліске ұшырамаған. Сондай-ақ, қараша айында UFC президенті Макгрегордың келесі жекпе-жегінің мамыр айынан бұрын болмайтынын айтқан еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети