08 шілде 2020 17:54

"Әкесі жоқта қолынан не келерін білмеймін". Екі салмақта бұрынғы чемпион Хабиб туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: championat.com Сурет: championat.com

Екі салмақта UFC чемпионы болған америкалық Даниэль Кормье жеңіл дивизион көшбасшысы ресейлік Хабиб Нурмагомедовтің алдағы карьерасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Екі салмақта UFC чемпионы болған америкалық Даниэль Кормье жеңіл дивизион көшбасшысы ресейлік Хабиб Нурмагомедовтің алдағы карьерасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Чемпионмен сәрсенбіде тілдескенмін, әкесі қайтыс болардан екі күн бұрын. Өте ауыр күйде жүрді. Жаттығулар көңілін басқа жаққа бұрғандай болды, дегенмен, мұндай жағдайда жұдырықтасу өте қиын болады. 

Енді не болатынын елестете де алмаймын. Шынымен. Әкесі оның өмірінде үлкен орын алатын, енді ол жақта қолынан не келерін білмеймін. Әкесі жоқта не істейтінін елестете алар емеспін", - деп келтіреді Кормьенің сөзін FightTime.

Еске салайық, жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедов 3 шілдеде қайтыс болған еді. 3 мамырда оның денсаулығы нашарлап, Мәскеуге жеткізілген болатын. Артынша Нурмагомедовтің комаға түскені белгілі болған еді.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети