26 қараша 2014 15:10

Алексей Ни: Мен туралы роликті Чиншанло үшін өкпелеп жүрген қытайлар жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алексей Ни. ©vfrk.kz Алексей Ни. ©vfrk.kz

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни TengrinewsTV тілшісіне Интернеттегі өзі туралы видео жайында пікір білдірді. Еске сала кетейік, қарашаның ортасында ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионаты кезінде қазақстандық бапкердің қуанған сәті бейнеленген видео Интернетте танымал болған еді.


Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни TengrinewsTV тілшісіне Интернеттегі өзі туралы видео жайында пікір білдірді. Еске сала кетейік, қарашаның ортасында ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионаты кезінде қазақстандық бапкердің қуанған сәті бейнеленген видео Интернетте танымал болған еді.

Алексей Ни бұл роликті қытайлар жасағанын айтты. Бастапқыда ол видеоны көрген соң ашуланыпты, бірақ кейін көзқарасын өзгерткен. "Шынымды айтайыншы, маған ұнамайды. Мені жасырын камерамен түсіреді. Бұған дейін мен тіпті тұғырға да шығып кететін кезім болған, бірақ жарыс кезінде олай етуге болмайды. Естеріңізде болса, Ильин өнер көрсеткенде солай болған", - деді Алексей Ни. 

Бапкердің айтуынша, ол өз шәкірттерінің жетістікке жеткенінен кейін әлі де өз эмоциясын жасыра алмай жүргенін айтты. "Бұл жолы (Зүлфия Чиншанлоның жеңісі - Авт.) мен қашып кеттім - көлбеңдеп жүріп алмадым, бірақ қытайлар бәрібір сол видеоны жасап қойыпты. Камерадан жасырына алмаймын, жасанды қылық та жасай алмаймын. Чиншанло әлем рекордын жаңартты, мұны футболдан әлем чемпионатының шешуші голымен салыстыруға болады. Роликті қытайлар жасады, олар мені Чиншанло үшін жақтырмайды. Олар бүкіл әлем менің үстімнен күлгеніне қарап, өздері де күлгісі келді. Ролик шынында да күлкілі - оны көрген Интернет қолданушылары да, менің достарым да күлкіге қарық болды. Бастапқыда мен ашуландым, сосын ойланып қалдым, ең болмаса достарымды күлдірдім ғой", - деді Алексей Ни. 

 

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда өткен әлем чемпионатында Қазақстан ауыратлеттері жалпы командалық медальдер есебінде үшінші орынға ие болған еді. Алексей Ни басқаратын Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын, екі күміс медаль бар. Әлем біріншілігінде Зүлфия Чиншанло (53 келіге дейінгі категорияда), Жасұлан Қыдырбаев (94 келіге дейінгі салмақта) және Илья Ильин (105 келіге дейінгі салмақта) жеңімпаз атанды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети