Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Спорт

Әлемдегі табысы ең көп спортшылар аталды 14 қаңтар 2022, 12:52

Америкалық Forbes басылымы 2021 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі табысы ең көп спортшылар тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Америкалық Forbes басылымы 2021 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі табысы ең көп спортшылар тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тізімді жапон теннисші Наоми Осака бастаған. Оның табысы - 57,3 миллион доллар. Оның 2,3 миллион доллары жарыстардан алған жүлдесі, ал қалған 55 миллион доллары спорттан тыс кірістен түскен.

Рейтингтің екінші сатысында 45,9 миллион доллар табысы бар америкалық теннисші Серена Уильямс тұр. Жарыстарда ол 900 мың доллар жүлде алған, ал корттан тыс 45 миллион доллар тапқан.

Үшінші орын теннис жұлдызы және Серенаның әпкесі - Винус Уильямсқа бұйырған. Оның кірісі 11,3 миллион долларға бағаланады, оның 300 мың доллары жарыстардан түскен, ал 11 миллион доллары спорттан тыс табысы.

Үздік үштіктен кейінгі топ-10 тізімі:

  • Симона Байлз (спорттық гимнастика) - 10,1 миллион доллар;
  • Гарбиньо Мугуруса (теннис) - 8,8 миллион доллар;
  • Ко Джин-янг (гольф) - 7,5 миллион доллар;
  • Пусарла Венката Синдху (бадминтон) - 7,2 миллион доллар;
  • Эшли Барти (теннис) - 6,9 миллион доллар;
  • Нелли Корда (гольф) - 5,9 миллион доллар;
  • Кэндис Паркер (баскетбол) - 5,7 миллион доллар.

Бұған дейін Forbes журналы әлемдегі ең ықпалды 100 әйелдің рейтингін жариялаған болатын. 11 жыл ішінде алғаш рет Ангела Меркель рейтингті бастады, ол Германия канцлері қызметінен кеткеннен кейін тізімнен шығарылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram