27 желтоқсан 2019 17:00

Altel Cyber Games: PUBG Mobile Такеши Китанодан бастап, қазіргі кейіпкерлерге дейін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Қазақстанда мобильді киберспорттан көптен күткен Altel Cyber Games: PUBG Mobile турнирінің ақтық ойындары басталады.


Бүгін Қазақстанда мобильді киберспорттан көптен күткен Altel Cyber Games: PUBG Mobile турнирінің ақтық ойындары басталады.

Жұма мен демалыс күндері Қазақстанда киберспорт әуесқойлары үшін өте әсерлі күндер болмақ. PUBG Mobileалаңындағы "Патшалық шайқаста" 16 команда: іріктеу турнирлерінің 12 финалшысыжәне 4 шақырылған жұлдызды командатартысады.

PUBG Mobile ойынындажапондық кинематографтың 2000-ші жылғы жауһарыболып табылатын "Патшалық шайқасқа" тікелей сілтеме бар.

Жобаға Брендан Грин (Playerunknown) жетекшілік етеді. Ойында 100 ойыншыға дейін болады, олар аралға десант болып қонады.Одан кейін олар басқа қатысушыларды өлтіре отырып, өздері тірі қалу үшін қару-жарақіздейді. Ойын ішіндегі картада қолжетімді қауіпсіз аймақ қатысушыларды бір-бірімен соқтықтыру үшін бірте-бірте кішірейіп, қолжетімді кеңістік тарыла түседі. Соңғы тірі қалған ойыншы немесе команда раундта жеңімпаз болады.

Battle royale жанрындағы ойын әп-сәтте танымалдыққа ие болды.

Көп кешікпей, елеулі ақпараттық қолдауы мен жүлде қоры бар кәсіби турнирлер өткізіле бастады. PUBG ойынының елеулі жарысу әлеуеті бар екені сөзсіз. Арнайы әзірленген турнир ережелері battle royale ойынын киберспорттық бағытқа айналдыруға жәрдемдесті.

PUBG танымалдығының қайта етек жаюы мобильді платформаларда орын алды. iOSжәнеAndroid платформаларына арналған нұсқа - әдемі, еліктіргіш және, ең бастысы, ықшам пішімдегі толыққанды battleroyale болып табылады. Азия өңірінде PUBG Mobileнұсқасы дербес компьютерге арналған нұсқаның танымалдық рекордына бірнеше рет қол жеткізе отырып, бәсекелестерінің барлығын басып озуы тегін емес. Әлемнің қалған бөлігіндегі жетістігі де кем болған жоқ, сондықтан PUBG Mobile жер жүзіндегі ең танымал мобиль ойынға айналды деуге болады. Бұған қоса, мұндағы киберспорттық турнирлердің жүлделері үлкен платформалардан кем емес.

Ал осы ойынның еліміздегі әуесқойларына келер болсақ, оларды қатарынан үш күн бойы еліктіргіш шоу күтуде. Биылғы қыстың "Патшалық шайқасы" болып табылатын Altel Cyber Games:PUBG Mobile финалын 27-29 желтоқсанда келесі арналарда онлайн-тәртіптемеде тамашалауға болады: https://bit.ly/36XGrPK https://youtube.com/pingerpro және https://www.twitch.tv/pingerprо.

Серіктестік материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети