Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Алтын алмай, тұрмыс құрмаймын - Жазира Жаппарқұл

12 Тамыз 2016, 14:51
0
Жазира Жаппарқұл © REUTERS/Stoyan Nenov
Жазира Жаппарқұл © REUTERS/Stoyan Nenov

Қазақстандық ауыр атлет, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл "Жас қазақ" басылымына берген сұхбатында оған алтын бұйырмағандықтан тұрмысқа шықпайтынын айтты.

"Көңіл-күйім өте жақсы, бәрі ойдағыдай. Өзімнің діттеген мақсатыма жеттім. Енді арманым алдағы уақытта Токио Олимпиадасында жеңіске жету. Бұл Олимпиада мен үшін ерекше өтті. Қолдау көрсеткен барша отандастарыма алғысым шексіз. Ерекше сезімге бөлендім. Жеңістер ешқашан үзілмесе екен деймін. Әлеуметтік желідегі жеке парақшамды ашқанда, мені құттықтаған  отандастарымдың жазбаларын көріп қуанып қалдым", - деп келтірді Жазираның сөзін басылым тілшілері.

Сонымен қатар, ол Риода алтын алам деген жоспары болғанын да айтып өтті. "Менің бұл Олимпиададан алтын алам деген жоспарым болған еді. Бірақ ол бұйырмағандықтан, қазір тұрмысқа шықпаймын (күлді). Алтын медаль алғасын тұрмыс құрамын! Келесі жылдан бастап, салмақ өзгереді. Оның қандай болып өзгеретіндігі алдағы уақытта белгілі болады. Бапкерлермен ақылдасамыз", - деді Жазира берген сұхбатында.

Еске салайық, Жазира Жаппарқұл Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. 69 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Жазира Жаппарқұл жұлқа көтеру жаттығуын 111 келіден бастады. Отандасымыз бұл салмақты оңай еңсерді. Екінші мүмкіндігінде 115 келіге тапсырыс беріп, оны да ойдағыдай көтере білді. Үшінші мүмкіндігінде 117 келі Жазираның ырқына бағынбады. Отандасымыздың басты қарсыласы саналған қытайлық Сян Яньмэй бірінші жаттығуда 116 келіні көтеріп, Жазирадан 1 келіге озып шықты.

Айта кетейік, Жазира Жаппарқұл 1993 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс ауданында дүниеге келген. 8 жасынан бастап ауыр атлетикамен айналыса бастаған. Жаттықтырушысы - Рашит Төлегенов.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай