11 тамыз 2016 08:59

Жазира Жаппарқұл Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Қазақстандық ауыр атлет Жазира Жаппарқұл Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды, - деп жазды Massaget.kz.


Қазақстандық ауыр атлет Жазира Жаппарқұл Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды, - деп жазды Massaget.kz.

69 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Жазира Жаппарқұл жұлқа көтеру жаттығуын 111 келіден бастады. Отандасымыз бұл салмақты оңай еңсерді. Екінші мүмкіндігінде 115 келіге тапсырыс беріп, оны да ойдағыдай көтере білді. Үшінші мүмкіндігінде 117 келі Жазираның ырқына бағынбады.

Жарыста отандасымыздың басты қарсыласы саналған қытайлық Сян Яньмэй бірінші жаттығуда 116 келіні көтеріп, Жазирадан 1 келіге озып шықты.

Отандасымыз екінші жаттығуды 140 келіден бастады. Бірінші мүмкіндігінде көтере алмай, екіншісінде барып зілтемірді басынан асырып тік тұрды. Одан кейін 144 келіні көтере білді. Нәтижесінде отандасымыз қоссайыста 259 келімен (115+144) күміс жүлдегер атанды.


© Reuters

Бұл салмақта қытайлық Сян Яньмэй чемпион атанды. Ол қоссайыста 261 келіні (116+145) көтерді. Қола мысырлық спортшы Сара Ахмедке (112+143) бұйырды.

Айта кетейік, Жазира Жаппарқұл 1993 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс ауданында дүниеге келген. 8 жасынан бастап ауыр атлетикамен айналыса бастаған. Жаттықтырушысы - Рашит Төлегенов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети