56,7 келіге дейін салмақта өнер көрсететін қазақстандық белгілі файтер Арман Әшімов 24 мамырда Санкт-Петербургте өткен M-1 Challenge 92 турнирінде жеңіліп қалды. Турнирдің транслациясын "Матч-ТВ" телеарнасы жүргізді.

Қазақстандық файтер бұл жолы украиналық Александр Доскальчукпен жұдырықтасты.
Жекпе-жек бес раундтан тұруы керек болатын, алайда бұл кездесу тек екі раундқа жалғасты. Екі раундта да украиналық басым түсті. Қазақстандықтың қарсыласы екінші раундтың соңында ауыртатын әдістерді қолдана бастады. Осылайша Әшімов жарақат алып қалып, жекпе-жекті әрі қарай жалғастыра алмады. Дәрігерлер оның қолын сындырып алғанын айтты.
Осылайша Арман Әшімов мансап жолында үшінші рет жеңіске ұшырап отыр.
Еске сала кетейік, былтыр 22 шілдеде қазақстандық файтер Арман Әшімов M-1 Challenge 81 "Битва в горах 6" кәсіби турниріндегі дебютінде қарсыласын нокаутқа түсірген болатын. Турнир Ингушетияның Таргим қаласында өтті, мұнда Әшімов жеңіліп көрмеген дағыстандық Гаджимурат Алиевті екінші раундта нокаутқа түсірді. Бірінші раунд бойынша қазақстандық қарсыласына партерге өтуге мүмкіндік бермей, басымдығын танытқан. Ал екінші раундтың басында Әлиев шабуыл жасамақ болды, Арман осы кезде оң жұдырығын қарсыласын дарыта білді.