Арман Әшімов Ресейдегі турнирде қолын сындырып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арман Әшімов Ресейдегі турнирде қолын сындырып алды © M-1 Global

56,7 келіге дейін салмақта өнер көрсететін қазақстандық белгілі файтер Арман Әшімов 24 мамырда Санкт-Петербургте өткен M-1 Challenge 92 турнирінде жеңіліп қалды. Турнирдің транслациясын "Матч-ТВ" телеарнасы жүргізді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

56,7 келіге дейін салмақта өнер көрсететін қазақстандық белгілі файтер Арман Әшімов 24 мамырда Санкт-Петербургте өткен M-1 Challenge 92 турнирінде жеңіліп қалды. Турнирдің транслациясын "Матч-ТВ" телеарнасы жүргізді.

Қазақстандық файтер бұл жолы украиналық Александр Доскальчукпен жұдырықтасты.

Жекпе-жек бес раундтан тұруы керек болатын, алайда бұл кездесу тек екі раундқа  жалғасты. Екі раундта да украиналық басым түсті. Қазақстандықтың қарсыласы екінші раундтың соңында ауыртатын әдістерді қолдана бастады. Осылайша Әшімов жарақат алып қалып, жекпе-жекті әрі қарай жалғастыра алмады. Дәрігерлер оның қолын сындырып алғанын айтты.

Осылайша Арман Әшімов мансап жолында үшінші рет жеңіске ұшырап отыр.

Еске сала кетейік, былтыр 22 шілдеде қазақстандық файтер Арман Әшімов M-1 Challenge 81 "Битва в горах 6" кәсіби турниріндегі дебютінде қарсыласын нокаутқа түсірген болатын. Турнир Ингушетияның Таргим қаласында өтті, мұнда Әшімов жеңіліп көрмеген дағыстандық Гаджимурат Алиевті екінші раундта нокаутқа түсірді. Бірінші раунд бойынша қазақстандық қарсыласына партерге өтуге мүмкіндік бермей, басымдығын танытқан. Ал екінші раундтың басында Әлиев шабуыл жасамақ болды, Арман осы кезде оң жұдырығын қарсыласын дарыта білді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети