21 шілде 2021 15:59

"Артық төлегіміз келмейді" - Серік Сәпиев Олимпиада трансляциясы туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қазақстанда Олимпиада ойындарын трансляциялау туралы келіссөздердің егжей-тегжейін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қазақстанда Олимпиада ойындарын трансляциялау туралы келіссөздердің егжей-тегжейін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Серік Сәпиевтің айтуынша, Олимпиада ойындарын тарату бойынша құқық иеленуші компания Қазақстаннан өте үлкен сома сұраған.

"Көрші республикалар трансляция үшін төлеген соманы білдім, әлдеқайда төмен болды. Мысалы, Қырғызстан ақпараты бойынша, олар бар болғаны 100 мың доллар төлеген. БАҚ-та Өзбекстан 800 мың доллар төлегені туралы ақпаратты көрдім. Бұл бағаларды салыстырамыз. Әрине, Қазақстандағы Олимпиада ойындарының трансляциясы үшін артық төлегіміз келмейді. Сондықтан қазақстандық телеарналарда трансляция болмауы мүмкін деген мәселе туындады. Шешімі әлі белгісіз, келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жақында нақты ақпарат береміз", - деді Спорт комитетінің басшысы.

Олимпиаданы трансляциялау туралы келіссөздерді "Қазақстан" корпорациясы мен "Хабар" АҚ жүргізген. Бұған дейін тараптар әлі келісімге келе алмағаны хабарланған болатын. "Қазақстан" РТРК өкілдері: "Себебі, құқық иесі трансляция лицензиясының бағасын 2016 және 2018 жылдарға қарағанда 123 пайызға артық белгіледі", - деп мәлімдеді.

Олимпиада ойындары Токиода 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Қазақстанда 27 спорт түрі бойынша 97 лицензия бар.

16 шілдеде қазақстандық құраманың негізгі бөлігі Жапонияға аттанды. Алматыдан алғашқы рейспен 128 адам ұшып шықты: спортшылар, жаттықтырушылар, дәрігерлер, кешенді-ғылыми топтардың мүшелері, Олимпиададағы Қазақстан миссиясының қызметкерлері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети