30 қыркүйек 2021 09:53

"Әруақ!" Қазнетте вирус болған видеодағы кейіпкер футзалдан ұлттық құраманың әзірлігі туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚФФ футзал департаменті директоры Асқар Әбілдаев әлем чемпионатында Қазақстан футзал командасы ойыншыларына өзінің рухты сөзін айтты. Ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Иран құрамасын жеңуі туралы және жартылай финалдағы мүмкіндіктері туралы айтты.


ҚФФ футзал департаменті директоры Асқар Әбілдаев әлем чемпионатында Қазақстан футзал командасы ойыншыларына өзінің рухты сөзін айтты. Ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Иран құрамасын жеңуі туралы және жартылай финалдағы мүмкіндіктері туралы айтты.

Бұған дейін желіде Тайланд құрамасымен матч алдында Асқар Әбілдаев ұлттық құрамаға эмоционалды қолдау көрсеткен видеосы тарады. "Ақ жол тілеймін", - деді Әбілдаев. Сосын ол: "Әруақ!" - деп айқайлады (қазақ батырлары шайқас кезінде қолданған жауынгерлік ұран).

Tengrinews.kz: Сіздің мотивациялық сөзіңіз әлеуметтік желілерде танымал болды. Бұл туралы не айтасыз?

Асқар Әбілдаев: Біріншіден,ол сөз командаға, ойыншылар мен жаттықтырушыларға айтылған. Мен осы мақсатты көздедім.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Vesti.kz - Живи спортом 🇰🇿 (@vestikzsport)

Tengrinews.kz: Ойыншылар 100 пайыз жоғары деңгейде ойнаған сияқты. Ұлттық құраманың ойынын сіз қалай бағалайсыз?

Асқар Әбілдаев: Иран құрамасымен болған ойынға келсек, әлем чемпионаты басталмастан бұрын, олар FIFA рейтингінде бесінші орында еді. Алғашқы минуттарда ойынға бірден кіре алмадық. Бірақ содан кейін өз деңгейімізді көрсете бастадық. Менің ойымша, жігіттер өз міндеттерін орындады, бапкерлер мен жанкүйерлер күткен ойынды көрсете алды. Бұл матчта олар 200 пайызға ойнады.

Tengrinews.kz: Жеңіске не себеп болды: сәттілік пе, жоспар мен жаттығу ма?

Асқар Әбілдаев: Жаттықтырушылар Иран құрамасы матчтарының бүкіл видеосын қарап, мұқият зерттеп, қарсылас команданың барлық күшті және әлсіз жағын ойыншыларға түсіндірді

Tengrinews.kz: Сіздің ойыңызша, соңғы ойында қай сәт шешуші болды?

Асқар Әбілдаев: Біздің басты көзіріміз - ойын тәртібі. Сонымен қатар, әр жігіттің бірлігі мен өздерін осы ойынға арнағанын атап өтуге болады.

Tengrinews.kz: Сіз жартылай финалға өтеді деп ойладыңыз ба?

Асқар Әбілдаев: Біз Литваға чемпионатқа қатысу үшін ғана келген жоқпыз. Біз еліміздің намысын қорғау, нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін әдемі, әсерлі ойын көрсету үшін келдік. Бұл бізге топтық кездесулерде де, Таиланд пен Иранға қарсы ойындарда да көмектесті.

Tengrinews.kz: Команданың бағыты қандай?

Асқар Әбілдаев: Күшті көңіл-күй. Тек қана алға! Біз Қазақстанның намысы үшін ойнаймыз! Жігіттер Португалиямен өтетін матчта ел намысын қорғау үшін барын салуға дайын.

Tengrinews.kz: Қарсылас команда туралы не айтасыз, күшті жақтары қандай?

Асқар Әбілдаев: Португалия құрамасы ширек финалда Испанияны 4:2 есебімен ұтты. Олар кездесу барысында 0:2 есебімен ұтылып, ерекше ойын көрсетті. Португалия 2018 жылы Еуропа чемпионы атанды. Енді олар да әлем чемпионатының фавориттерінің бірі, бірақ біздің жігіттер барын салуға тырысатынына сенемін!

Tengrinews.kz: Әлем чемпионатында жеңіске жету мүмкіндігі қандай?

Асқар Әбілдаев: Бәрінің мүмкіндігі бар. 

Асқар Әбілдаев - кеңестік және қазақстандық футболшы, жаттықтырушы, функционер. 1980 жылдардың соңында "Шахтер" командасында ойнады, 1991 жылы "Қайрат" командасына ауысты. Бірінші жылы Қазақстан чемпионы және Қазақстан кубогының иегері атанды. Сонымен қатар, павлодарлық "Ансат" командасында ойнады. 1997 жылы шағын футболмен айналыса бастап, футзалдан Қазақстан чемпионатында 100 гол соққан бірінші ойыншы болды.

Бұған дейін желіде футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының киім ауыстыратын бөлмесінен тағы бір эмоционалды видео тарады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KAZAKHSTAN FOOTBALL FEDERATION (@kff_team)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети