06 тамыз 2021 | 12:50

"Астана" велокомандасы канадалық компаниямен серіктестігін тоқтатады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: instagram.com/astanapremiertech

Маусымның соңында канадалық Premier Tech компаниясы Astana - Premier Tech бірлескен меншік иесі және демеуші қызметінен кетеді. Осылайша велокомандамен бес жылдық серіктестік тоқтайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маусымның соңында канадалық Premier Tech компаниясы Astana - Premier Tech бірлескен меншік иесі және демеуші қызметінен кетеді. Осылайша велокомандамен бес жылдық серіктестік тоқтайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"2017 жылы серіктестігіміз басталғанда Premier Tech қолдауына ие болғанымызға қуаныштымыз. Ол команда үшін өте маңызды рөл атқарды және біз компанияның соңғы жылдардағы ең маңызды сәттерде, соның ішінде монументалды классикалық жарыстар мен Тур де Франс кезеңіндегі жеңістерде бірге болғанын мақтан тұтамыз. Premier Tech компаниясы мен қазақстандық акционерлер арасында бірлескен меншік иелері ретінде ұзақ мерзімді ынтымақтастықта болғанымызға қарамастан, өкінішке қарай, команда болашағының ортақ пайымын анықтау мүмкін болмады.

Осыған байланысты Premier Tech жылдың соңында командаға инвестиция салуын тоқтатады. Мен Жан Беланжерге және бүкіл Premier Tech компаниясына командамен ынтымақтастықта көрсеткен қолдауы мен ынтасы үшін, сондай-ақ COVID-19 пандемиясының соңғы екі маусымында барлық міндеттемені сөзсіз орындағаны үшін алғыс айтамын. Біз осы маусымды бірлесіп табысты аяқтап, қалған жарыстарда үздік нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттенеміз", - деп мәлімдеді Astana - Premier Tech басқарушы директоры Яна Зель.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта команда келесі маусымды жоспарлап отыр.

Реклама
Реклама

Өз кезегінде, Premier Tech президенті және бас директоры Жан Беланжер "Қазақстанмен ынтымақтастықты тоқтату Premier Tech үшін өкінішті болса да, 2017 жылдан бері бұл жобаға қатысу таңғажайып болғанын" айтты.

"Біз маусымның басында Astana - Premier Tech-тің бірлескен меншік иесі және жүзден аса демеушісінің бірі ретінде қатысуға және қазақстандық акционерлермен бірге команда үшін жаңа бағыттар қалыптастыруға қуаныштымыз. Өкінішке қарай, қазіргі талқылауларымыз бен болашақты жоспарлау барысында бірдей көзқараста емес екеніміз анық болды, сондықтан біз екі тарапты да қанағаттандыратын келісімге келе алмадық", - деп қосты ол.

Айта кетейік, маусымның соңында Александр Винокуров Astana-Premier Tech велокомандасының бас менеджері қызметінен босатылды.

Кейінірек Винокуровтың өзі бұл оқиғаға пікір білдіріп, оны қызметінен босату туралы шешім таңғалдырғанын айтты, әсіресе Тур де Франс қарсаңында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная