25 маусым 2021 10:27

Винокуров "Астананың" спорт жетекшісі қызметінен кетеді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/alexandrvinokurov Фото: instagram.com/alexandrvinokurov

2012 жылғы Олимпиада чемпионы Александр Винокуров Astana-Premier Tech велокомандасының спорт жетекшісі қызметінен кетеді. Бұл туралы команда сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2012 жылғы Олимпиада чемпионы Александр Винокуров Astana-Premier Tech велокомандасының спорт жетекшісі қызметінен кетеді. Бұл туралы команда сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Astana-Premier Tech командасы Александр Винокуров жетекші міндетін атқаруды тоқтататынын хабарлады. Құрамның директорлар кеңесі қабылдаған шешімге қарамастан, Винокуров Astana-Premier Tech-тің мүшесі болып қала береді. Бірақ, біраз уақыт менеджерлік міндеттерін атқармайды", - делінген хабарламада.

Джузеппе Мартинелли мен Стив Бауэр құрамның күнделікті спорттық қызметін үйлестіру үшін басқарушы директор Яна Зельмен бірге жұмыс істеп, жақын арада команданың спорт жетекшісі жауапкершілігін алады.

"Біз Александр Винокуровтың "Тур де Франсқа" қатыспайтынын растай аламыз. Өйткені ол команданың спорт жетекшісі міндетін тоқтатты. Александр әлі де команданың құрамына кіреді. Қазіргі уақытта ол құрамның спорттық операцияларын басқармайды. Бірақ басқа тапсырмаларды орындауға ауысады", - деді Astana-Premier Tech басқарушы директоры Яна Зель.

Бұған дейін француздық L'Équipe басылымы Винокуров пен велокоманда басшылығы арасындағы келіспеушілік туралы хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети