25 маусым 2021 17:14

Мәдениет және спорт министрлігі Винокуровты жұмыстан шеттетуге қатысты мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/alexandrvinokurov Фото: instagram.com/alexandrvinokurov

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі "Астана" командасында Александр Винокуровпен болған жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі "Астана" командасында Александр Винокуровпен болған жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мәдениет және спорт министрлігі Astana-Premier Tech велокомандасы мен Олимпиада чемпионы, танымал шабандоз Александр Винокуровтың арасындағы жайдан бейхабар. Еліміздегі спорт саласына жауапты мекеме болғанына қарамастан министрлікке бұл ауыс-түйіс жайлы хабарланбады. Мәдениет және спорт министрлігін бұл жайт қатты алаңдатады", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметі бойынша, қазір "Астана" Президенттік спорт клубы мен оның қатарындағы барлық құрылымды Мәдениет және спорт министрлігіне беру процесі жүріп жатыр.

Жақын арада барлық процесс аяқталған соң Astana-Premier Tech велокомандасында болған жайтқа қатысты құқықтық баға беріледі, делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Александр Винокуров Astana-Premier Tech велокомандасының спорт жетекшісі қызметінен кететіні хабарланған болатын. Кейін Александр Винокуровтың өзі "Тур де Франс" қарсаңында қызметінен шеттетілгеніне таңғалғанын айтып, пікір білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети