25 маусым 2021 13:26

"Таңғалдым". Александр Винокуров қызметтен шеттетілуіне қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Astana-Premier Tech-тің бұрынғы бас менеджері Александр Винокуров "Тур де Франс" қарсаңында қызметінен шеттетілгеніне таңғалғанын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.


Astana-Premier Tech-тің бұрынғы бас менеджері Александр Винокуров "Тур де Франс" қарсаңында қызметінен шеттетілгеніне таңғалғанын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Шынында да, мені қызметтен босатты. Бұл туралы маған жылдың ең маңызды жарысы - Тур де Франс-қа бірнеше күн қалғанда жазбаша түрде хабарлады. Әрине, бұл шешімге таңғалдым. Велоспорт - бұл бүкіл өмірім екенін бәрі біледі", - деді Винокуров РИА Новостиге.

Агенттік мәлеметі бойынша, Винокуровтың шеттетілуіне жеке мәселелер себеп болған. Бұл туралы L’Equipe басылымында жазылған. Алайда спортшы бұл ақпаратты жоққа шығарады. Оның айтуынша, жеке проблемалары жоқ. Ресми хабарламада осы жылы команда көрсеткіштері төмен болғандықтан, жұмыстан шығару туралы шешім қабылданғаны айтылған. Спортшы бұған келіспейтінін айтып, қазіргі уақытта команданың қоржынында 8 - жеңіс, 33 подиум бар екенін еске салды. "Сонымен қатар, маусым әлі аяқталған жоқ және шеттетілгенге дейін қандай да бір қорытынды жасау өте таңғаларлық", - деді ол.

"Мен спортшы бола тұра өз Отанымның атын шығардым, көп жеңіске қол жеткіздім және Қазақстанға екі олимпиадалық медаль (күміс және алтын) әкелдім, кейін жаттықтырушы ретінде халықаралық жарыстарда ел намысын қорғаған бірнеше медаль иелерін өсірдім. "Астана" велокомандасы әлемдік аренада Қазақстанның бет-бейнесіне айналды. Қазір "Астана" жобасы әлемнің үздік командаларының біріне айналған кезде, мені командадан шеттеткені қынжылтады", - деді Винокуров.

"Қалай болғанда да, мені алдағы Олимпиада ойындары қатты алаңдатады. Басты үмітіміз Алексей Луценко командамен болған барлық жағдайға қармастан жақсы дайындалады деп үміттенемін. Мен оған Токиода лайықты нәтиже көрсетіп, көпжылдық тарихы бар қазақстандық велоспорттың күшін бүкіл әлемге дәлелдеуі үшін жанкүйер боламын", - деп түйіндеді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети