21 мамыр 2017 10:03

Астанада Fight Nights Global турнирінің бас төрешісі соққыға жығылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан скриншот Видеодан скриншот

Астанада Fight Nights Global турнирінің бас төрешісі соққыға жығылды. Төреші Радмир Габдуллиннің Қазақстанда тап болған оқиғасы жайлы L!FE жазды. 


Астанада Fight Nights Global турнирінің бас төрешісі соққыға жығылды. Төреші Радмир Габдуллиннің Қазақстанда тап болған оқиғасы жайлы L!FE жазды. 

Басылымның мәліметінше, Қазақстан астанасында аралас жекпе-жектен Fight Nights Global турнирі өткеннен кейін жарыстың бас төрешісі Радмир Габдуллинге шабуыл жасалған. Қазіргі уақытта Ресейдегі ММА одағының президенті Федор Емельяненконың орынбасары ауруханада жатыр. Оның жағы сынған. 


© twitter.com

Басылым оқиғаның видеосын жариялады. Онда судья жатқан қонақүйдің бөлмесіне екі ер адамның кіргені көрінеді. Олар ағайынды Гаджимурат және Гамзат Хирамагомедовтерге ұқсайды. Басылымның мәліметінше, олар қазақ файтері Георгий Кичигинмен жекпе-жектегі Габдуллиннің төрешілік шешіміне наразы болған. 

Fight Nights президенті Камил Гаджиев Астанада болған оқиғаға қатысты былай деп пікір білдірген: "Оқиғаның мән-жайын анықтау қажет. Мұндай әрекетке барған спортшылармен "жолымыз бір емес екенін" мәлімдеймін".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети