25 қараша 2015 10:00

Атыраулық 13 жастағы жігіт әлемдік үш рекорд орнатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эдуард Қабдешев, Кирилл Литвинов пен бапкер Александр Литвинов. © azh.kz Эдуард Қабдешев, Кирилл Литвинов пен бапкер Александр Литвинов. © azh.kz

Атыраулық 13 жастағы Кирилл Литвинов пен 27 жастағы Эдуард Қабдешев Португалияда өткен пауэрлифтингтен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында бірнеше алтын және бір күміс медаль иеленді, - деп жазады "Ақ Жайық".


Атыраулық 13 жастағы Кирилл Литвинов пен 27 жастағы Эдуард Қабдешев Португалияда өткен пауэрлифтингтен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында бірнеше алтын және бір күміс медаль иеленді, - деп жазады "Ақ Жайық".

Кирилл үшін бұл әлемдік аренадағы дебют. Жас спортшы 13-15 жас дәрежесі бойынша бірнеше аталымда әлем чемпионы атанды (салмақ дәрежесі 52 келіге дейін). Сонымен қатар, Кирилл зілтемірді жатып көтеруден (72,5 келі), зілтемірді тізеге дейін көтеруден (145 келі) және күштік үшсайыстан әлем рекордын орнатты.

"Өткен жылы әкем Эдуардпен бірге АҚШ-та болған чемпионаттан келгенде суреттерін көрдім, осыдан кейін жаттығу жасап, өзім де осындай неге болмаймын деп ойладым. Әкеме айтып, біз мықтап дайындала бастадық", - дейді жас чемпион. 

Эдуард 110 келіге дейін салмақта өнер көрсетті. "Ол басты қарсыласымен бірдей нәтиже көрсеткен, алайда оның салмағы 107,4 келі, қарсыласынікі 107 келі болғандықтан, спортшымыз екінші орын алды", - деді бапкер Александр Литвинов.

Басылымның хабарлауынша, чемпионатқа 36 елден 400-ден аса атлет қатысты. Қазақстан намысын 46 спортшы қорғады. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан бірінші орын алды.

Пауэрлифтинг үш жаттығудан тұрады: зілтемірді иыққа қойып, отырып-тұру, зілтемірді жатып көтеру және зілтемірді тізеге дейін көтеріп тұру.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети