06 қыркүйек 2017 08:48

Атыраулық жас файтер тәжірибелі тай спортшысын нокаутқа түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Муайтайдан Атырауда өткен турнирде қазақстандық жас файтер Еламан Саясатов Тайландтан келген тәжірибелі қарсыласын нокаутқа түсіріп, жекпек-жекті бірінші раундта аяқтады, - деп хабарлайды ATPress.kz.


Муайтайдан Атырауда өткен турнирде қазақстандық жас файтер Еламан Саясатов Тайландтан келген тәжірибелі қарсыласын нокаутқа түсіріп, жекпек-жекті бірінші раундта аяқтады, - деп хабарлайды ATPress.kz.

Тай спортшысы кәсіпқой рингте 63 жекпе-жек өткізіп, 52-сінде жеңіске жеткен, сегіз рет жеңіліп, тағы үшеуін тең аяқтаған екен. Саясатов болса кәсіқой рингте бар болғаны екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен. Ал әуесқойда Еламан бірнешер рет Қазақстан чемпионы болған, әлем чемпионаттарында екі мәрте күміс жүлдегер атанған. 

Еске салайық, турнир 3 қыркүйекте Атырауда өткен. Бұл белгілі қазақстандық ғалым Əмен Аманқұловты еске алуға арналған муайтайдан халықаралық турнир. Оның барысында Қазақстан құрама командасы Тайланд, Бразилия, Оңтүстік Африка, Ресей, Аустралиядан келген спортшылармен сынға түсті

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети