Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Жазира Жаппарқұл кіші қола жеңіп алды

14 Қараша 2014, 19:48
0
©flagvruki.com
©flagvruki.com

Қазақстандық ауыр атлет Жазира Жаппарқұл 69 келіге дейінгі категория бойынша жұлқа көтеруде кіші қола жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz

21 жастағы зілтемірші үш мүмкіндіктің екеуін пайдаланып, 113 және 118 келі салмақты көтерді. Қорытындыда бірінші жаттығуда Жаппарқұл 118 келі көтерген қытай қызы Ю Ян Ченнен және Солтүстік Кореядан 120 келіні еңсерген Ре Ын Хиге ғана есе жіберді.

Қазақстандық тағы бір спортшы Майя Манеза түгел үш мүмкіндікті де сәтті пайдаланып, бұл жаттығуды 105 келі нәтижемен жетінші орында аяқтады. Айта кетейік, Манеза 2012 жылғы Олимпиада чемпионы (63 келіге дейінгі категорияда), ал Алматыдағы әлем чемпионатына ол жаңа категорияда өнер көрсетіп жатыр. Бұл оның Олимпиададан кейін және бала босанғанан кейінгі бірінші жарысы. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.  

Бұған дейін қазақстандық Карина Горичева жұлқа көтеруде кіші күміс жеңіп алған болатын. 63 келіге дейінгі категорияда өнер көрсететін 21 жастағы спортшы өз спорттық мансабында үздік көрсеткішке жетіп, жүлделі үштікке енген еді. Ол өзінің үш мүмкіндігін түгелдей пайдаға асырды - 103, 108 және 113 келі. Жұлқа көтеруде оның алдын Албаниядан келген Ромела Бегай ғана орай алды. Ал олимпиада чемпионы Зүлфия Чиншанло 10 қарашада әлемдік рекорд жаңартты. Ол серпе көтеруде 134 келі салмақты еңсерді. екінші орынды Қытайлық Тайбейден Сюй Шуцзин алды.

Еске сала кетейік, ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 8 қарашада басталған еді. Қазақстанның атынан 15 спортшы қатысып жатыр, оның ішінде Чиншанломен бірге екі бірдей Олимпиада чемпионы бар - Илья Ильин және Майя Манеза. Ауыр атлет Светлана Подобедова әлем біріншілігіне қатыса алмады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай