Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының қожайындары өз зілтеміршілерін қатыстыра алмайды

08 Наурыз, 18:11
1
Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының қожайындары өз зілтеміршілерін қатыстыра алмайды - Фото: РИА Новости. Григорий Сысоев©
Фото: РИА Новости. Григорий Сысоев©

2019 жылы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Таиландта өтеді. Бірақ әлемдік додаға тай елінің зілтеміршілері қатыса алмайды.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) ақпараты бойынша, көптеген таиландық зілтеміршінің допинг-сынамасы оң нәтиже көрсетуіне байланысты IWF аясындағы сайыстарға бұл елдің спортшылары қатыса алмайды.

Соған қарамастан таиландтық федерация (TAWA) 16-25 қыркүйек арасында Паттайеде әлем чемпионатын қабылдамақ.

IWF атқарушы комитетінің Лас-Вегастағы отырысында жастар арасындағы 2021 жылғы әлем чемпионаты Джидда қаласында (Сауд Арабиясы), ал жасөспірімдер арасындағы әлемдік біріншілік Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді деп хабарланды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай