28 қараша 2014 16:18

Айдың үздік боксшысы атағына таласта Головкин Пакьяо мен Мейвезерден асып түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews ©Tengrinews

RingTV.com сайты қолданушыларының пікірінше, WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин айдың үздік боксшысы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы.


RingTV.com сайты қолданушыларының пікірінше, WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин айдың үздік боксшысы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Кәсіпқой рингтегі 31 жеңісі бар қазақстандық Геннадий Головкин 42,58 пайыз дауыс жинап, WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, филиппиндік Мэнни Пакьяодан 15 пайызға асып түсті. Америкалық WBC және WBA (Super) нұсқалары бойынша орта салмақтағы, WBC бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы - кіші-Флойд Мейвезер 15,9 пайыз дауыспен үшінші орынға тұрақтады. Толығырақ мына жерден оқыңыздар.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) нұсқасы бойынша айдың үздік боксшысы деп танылған болатын. Сонымен қатар, Головкин "2014 жыл боксшысы" атағына үміткер, жылдың ең үздік боксшысын америкалық әйгілі спорт басылымы Bleacher Report дауыс беру бойынша анықтайды. Қазақстандық боксшы 18 қазан күні АҚШ-та (WBA (Super) және IBO орта салмақта) мексикалық Марко Антонио Рубионы екінші раундта нокаутқа түсіріп, WBC уақытша чемпионы белдігіне ие болды және өз титулын сәтті сақтап қалды. Геннадий Головкиннің ендігі жекпе-жегі Монакода 2015 жылдың 21 ақпанына белгіленген. Қарсыласы - орта салмақтағы әлем чемпионы атағының бұрынғы үміткері, ағылшын Мартин Мюррей. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети