10 сәуір 2018 09:30

Аюмен алысқан бала Хабиб жанкүйерлерін таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хабиб Нурмагомедовтың UFC-дегі жеңісінен кейін жанкүйерлері ресейлік спортшының Желіде бірнеше жыл бұрын жарияланған ескі видеосын еске алды. 


Хабиб Нурмагомедовтың UFC-дегі жеңісінен кейін жанкүйерлері ресейлік спортшының Желіде бірнеше жыл бұрын жарияланған ескі видеосын еске алды. 

Роликте болашақ чемпион қонжықпен алысады. Видео 1997 жылы Махачкалада түсіріліпті. Оның әкесі Абдулманап Нурмагомедов сұхбаттарының бірінде баласы тоғызға келгенде шынжырға байлаулы тұрған жыртқышты көріп, "Алысуға қорықпайсың ба?" деп сұрағанын еске алады. Аю одан ауырлау әрі тұмылдырығы болмаған, алайда Хабиб қорықпапты.

Еске сала кетейік, Хабиб Нурмагомедов 8 сәуірде титулдық тұңғыш жекпе-жегінде жеңіске жетіп, жеңіл салмақта UFC чемпионы атанды, ол UFC чемпионы атанған тұңғыш ресейлік спортшы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети