11 наурыз 2014 17:49

Азия чемпионатынан екі алтын және бір күміс бұйырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Альберт Линдер. Сурет: Vesti.kz Альберт Линдер. Сурет: Vesti.kz

Тайландтың Бангсаен қаласында өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасы екі алтын және бір күміс олжалады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қазақстан құрамасы бұл жарысқа Тимур Хасаров, Әділбек Балқаев, Михаил Макеев, Альберт Линдер және Селімхан Әубәкіров сынды жас зілтеміршілерді алып барды. Бұл спортшылардың барлығы дерлік Қазақстан біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып саналады. Жасөспірімдер арасындағы сары құрлық бәсекесінде Қазақстан қоржынына бірінші күміс медаль түсті. Бұл медальды жарыстың екінші күні 17 жасқа дейінгі жасөпірімдер арасында 69 келіде сынға түскен Михаил Макеев алып берді. Ол жұлқа көтеруде 122 келіні, серпе көтеруде 149 келіні бағындырып, қорытындысында 271 ұпай жинады. 69 келі салмақта өнер көрсеткен спортшылардың арасынан "В" тобында сынға түскен ирандық зілтемірші Кианоуш Башерикордасиави топ жарды. Ол қоссайыс бойынша 274 келіні еңсерген. Турнирдің бел ортасына жеткенде Қазақстан Азия чемпионатындағы алғашқы алтын жүлдесіне қол жеткізді. Алтынды қоржынымызға Селімхан Әубәкіров салды. Оның қоссайыс бойынша көрсеткен нәтижесі 350 келі. Ересектер арасында сынға түсіп жүрген Селімхан Азия біріншілігі барысындағы қарсыластарын місе тұтпады десе де болғандай. Өйткені, ол екінші орын алған ирандық қарсыласынан 27 келіге артық көтерді. Сондай-ақ 69 келіде жастар арасында өнер көрсеткен тағы да бір зілтеміршіміз Альбетр Линдер турнирдің аяқталуына екі күн қалғанда топ жарды. Ол жұлқа көтеруде 132 келіні, серпе көтеруде 166 келіні бағындырып, жалпы есепте 298 келімен Азия чемпионы деген атаққа қол жеткізді. Бұл салмақта екінші орынды 280 келімен кореялық Иеуон Ионгта алса, 296 келіні бағындырған сауд арабиялық зілтемірші Алдухаиб Монсенге қола медальді місе тұтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети