Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 340.11
EUR / KZT - 407.93
CNY / KZT - 51.61
RUB / KZT - 5.91

Бабаларымыз доп қумаған. Қазақстанда футболға тыйым салу керек - Қуат "Найман" Хамитов

17 Тамыз, 09:41
5

Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов Қазақстанда футболға тыйым салу туралы ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол "Астана" мен "Селтиктің" ойынынан кейін Instagram желісінде жазды. Хамитовтың айтуынша, футболға жұмсалып жатқан қаражатты боксқа, күреске және аралас жекпе-жекке бөлу қажет. 

"Қазақстанда футболға тыйым салу керектігін әрдайым айтып келемін! Бұған кетіп жатқан қаражат ..., одан да палуандарға, боксшыларға, файтерлерге беріңіздер, олардың жүрегінде ар-намыс пен мақтаныш бар! Олар ақымақтар сияқты 90 минут жүгірмейді, елі үшін өз қаражатына қан төгіп жүр, туды көтереді. Бұлар тағы миллиондаған ақша алады! Бұл қаражатқа ауылдарда базалар салса, ол жақтан нағыз чемпиондар шығар еді! Ал бұлар өз алаңында, америкалық футбол сияқты өз елінде ойнап жүре берсін. (...) Қазақтар соғысқан, доптың артынан қумаған! Ашығып өліп жатқан Африканың өзі біздің футболшыларымыздың жасап жатқанынан да жақсы өнер көрсетеді! Спортшы тоқ болса, өмірі жайлы болса, одан нәтиже шықпайды! Чемпион болу үшін кедей сияқты өмір сүріп, жетістікке ерік-жігерің көп болуы тиіс! Сол кезде ғана нәтиже шығады! Шешім жасаңыздар!", - деп жазды ол. 

Еске салайық, "Астана" Глазгода өткен матчта 0:5 есебімен жеңіліп қалған болатын. Бұл ойында шотландиялықтар сегіз соққы жасады. Оның үшеуі қақпаға дәл тиді. Ал қазақстандық клубтың ойыншылары он рет соққы жасап, оның бесеуі ғана қақпаға түзу бағытталды. Шотландиялық клуб 63 пайызға допқа иелік етті. Толығырақ матч туралы мына сілтемеден оқып-біле аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (5)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай