18 наурыз 2020 09:10

БАҚ Головкин - Альварес трилогиясының қашан өтетінін хабарлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Yahoo © Yahoo

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 12 қыркүйекте өтеді. Екі тарап қаржылық шарттарды ауызша келіскен. Бұл туралы The Athletic хабарлады. 


Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 12 қыркүйекте өтеді. Екі тарап қаржылық шарттарды ауызша келіскен. Бұл туралы The Athletic хабарлады. 

Басылым дереккөзінің мәліметі бойынша, жекпе-жек Далластағы (Техас, АҚШ) AT&T стадионында өтеді. 

Боксшылар арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылы қыркүйекте өтіп, тең есеппен аяқталған. Ал 2018 жылы қыркүйекте GGG Канелодан төрешілер шешімімен жеңіліп, барлық титулынан айырылған. Бұл Головкиннің кәсіпқой карьерасындағы алғашқы жеңілісі болатын. 

Мамырдың басында Альварес ұлыбританиялық Билли Джо Сондерспен жұдырықтасуы керек еді, алайда коронавирус эпидемиясына байланысты жекпе-жек кейінге ауыстырылды. 

Ал бұған дейін Головкиннің 6 маусымда жекпе-жек өткізетіні хабарланған, ықтимал қарсыласы - польшалық Камил Шеремета. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети