03 шілде 2014 13:40

Бақтияр Артаев қызды ұрды дегенге әріптестері сенбейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақтияр Артаев. ©Vesti.kz Бақтияр Артаев. ©Vesti.kz

"Астана" президенттік кәсіби спорт клубының өкілдері Бақтияр Артаевтың қызды ұрып жіберуі мүмкін емес деп есептейді. "Самұрық-Қазына" қорының қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің директоры әрі "Астана" клубының қорғаншылық кеңесінің мүшесі Айдар Махметов жанжалға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Махметовтің пікірінше, Бақтияр Артаевқа қатысты оқиғада түсініспеушілік болған. "Бақтиярдың кейбір абайсыз әрекеттері басқаша қабылданған болуы мүмкін. Мен Бақтиярды білемін, онымен бір жылдай жұмыс істеп келеміз. Ол өте сабырлы, игі ниетті адам. Қандай жағдай болса да, ашу-ызасын байқатпайтын. Мен үшін бұл... Кеше осы жаңалықты оқыған кезде оған сілтемені жібердім, ол бұл жағдай туралы осы хабарламадан білді, өйткені үйіне, Таразға бара жатқан еді. Бұл жайт оны ыңғайсыз жағдайға салды. Мен бұған сенбеймін. ...Ойлап қараңыз, Олимпиада чемпионы, оның соққысы ауыр болады. Соны ескерген кезде мен ол бұлай жасады, әсіресе, қызды ұрды дегенге сенбеймін. Ол ондай адам емес", - деді Махметов.

Айдар Махметовпен болған сұхбаттың толық нұсқасын оқып шығыңыз.

Еске салайық, боксшы, Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевқа қызға қол жұмсады деген күдік келіп отыр. Жәбірленуші полицияға шағымданған. Оның айтуынша, оқиға Астанадағы Fashion түнгі клубында болды. Артаевтың өзі бұл туралы әлі ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети