19 қаңтар 2020 10:47

Баландин FINA турнирінде үшінші медальді жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайдың Шеньчжэн қаласында Халықаралық су спорты түрлері федерациясының (FINA) ұйымдастыруымен Champions Swim Series турнирінің екінші маусымдағы бірінші кезеңде Рио-2016 Олимпиадасының жеңімпазы қазақстандық Дмитрий Баландин үшінші медальді қанжығасына байлады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстандық Дмитрий Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуден қола жүлдегер атанды. Ол тура 1:00.00-де келді. Алтын медальды қытайлық Зибей Ян (58.83), күміс медальді нидерландтық Арно Камминга (58.95) жеңді. 

Осыған дейін, Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден қола жүлдегер атанды. Ол аталған қашықтықты 2:13.58 уақыт көрсеткішінде жүзіп өткен. 

Турнирде нидарландтық Арно Камминга жеңіске жетті (2:09.00). Күміс жүлдені германиялық Марко Кох иеленген. Әлемдік турнирдің екінші кезеңі 18-19 қаңтар күндері Бейжіңде өтеді. 

Бүгін, 19 қаңтарда, Баландин 200 метр брасспен өнер көрсетеді. Онымен бірге әлем чемпионатының қола жүлдегері жапондық Иппей Ватанабе, Еуропа чемпионы Арно Камминга (Нидерланды) және Рио-2016 күміс жүлдегері американдық Джон Прено өнер көрсетеді.

Еске салайық, Champions Swim Series бірінші маусымында Баландин Токиода өтетін Олимпиада-2020 бағдарламасына қатысуға лицензия жеңіп алған болатын.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети